Атырауда әкімді қаралаған белсенді айыппұл арқалады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қызылқоға ауданының әкімі қоғам белсендісіне қарсы өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығару жөнінде талап-арыз берген болатын. Нәтижесінде, сот қоғам белсендісін ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша «Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жала жабу» бойынша кінәлі деп танып, 434 700 теңге айыппұл салды.
Еске сала кетейік, «AQIQAT» қоғамдық қорының басшысы әлеуметтік желілерде жазба жариялап, онда Қызылқоға ауданының әкімін жалған ақпарат таратып, этикалық нормаларды сақтамады деп айыптаған болатын.