Химзауытта не жанып жатыр?

Бұрынғы Химзавод аумағында өрт орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы хабарлағандай, 19 қаңтар күні сағат 15:19-да Атырау қаласы, З.Қабдолов көшесінде орналасқан бұрынғы Химзавод аумағында түтін шыққаны туралы шақырту түсті. Шақырту орнында  екі2 резервуар жанында шамамен 64 шаршы метр көлемінде май қалдықтары жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнына жеткен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 5 техника тілсіз жауды ауыздықтады.