Хаменованың соты неге өтпей қалды?

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты кезекті сот отырысы аяқ астынан өтпей қалды.
Бұған себеп сотта төрағалық ететін судья ауырып қалыпты. Тараптар сот отырысына келіп, процестің басталу сәтін күтіп отырған.
Алайда, сот басталар уақытта қалалық сот қызметкерлері судья Жұмағали Ташимовтың ауырып қалғанын, сол себепті процесс кейінге шегерілетінін айтты. Басында бұған қапаланған айыпталушылардың туыстары артынша бір-бірін сабырға шақырып, "бұның да бір қайыры бар шығар" деп тарқасты.
Айта кетейік, бұл жолғы отырыста тараптардың жарыссөздері басталуы тиіс еді.