Түске таман №57 сайлау учаскесінің жұмысы қыза түсті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан балықшылықтар сайлауда белсенділік таныта бастады.
Сайлау учаскесіне Халықаралық байқаушылар да ат басын тіреді. Олар: американдық Iris Маuren Sophie мен Алексей Валентиновичтер, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы миссиясының өкілдері еді. Сайлау процесін жіті бақылаған олар саяси науқанның өту барысына өз бағаларын берді.
Сайлау учаскесіне сағат 11-де 102 сайлаушы келгені белгілі болды. Ал, түс әлетінде келушілер саны күрт көбейді. Осыдан-ақ халықтың елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси өзгерістерге бей-жай қарай алмайтыны анық көрінді. Біз тілдескен сайлаушылардың көпшілігі елдің ертеңіне сенетінін, сол мақсатқа жету жолында дауыс беру – әрбір қазақстандықтың парызы екенін айтып жатты.
Ербол Қошақанов