18 Қаңтар, 2023 434

«Халық қатысатын бюджет»: Атырауда өтінімдер жинау жүргізілуде

 «Халық қатысатын бюджет»: Атырауда өтінімдер жинау жүргізілуде

Бұл жобада кез-келген адам қалалық ортаны дамыту және жақсарту туралы өз идеясын ұсына алады.

Егер сіздің бастамаңызды дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.

 Бір өтінім белгіленген 15 000 еселенген АЕК-тен аспауы тиіс. Сіздің ұсыныстарыңызды 20 қаңтар аралығымен 1 наурызға дейін күтеміз! Қалалық «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша жұмысшы орган қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі. Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефондар: 8(7122) 32-01-16; 25-44-51:

  Пилоттық жоба бойынша жауапты қызметкерлер:

 1. Атырау қалалық әкімдігі, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы - Унгарсынов Алан Айварович, ұялы телефон: 8 701 188 11 68;

 2. Атырау қалалық әкімдігі, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторінің меңгерушісі- Рамиль Халауединов Аханұлы, ұялы телефон: 8775 858 7585 

  Өтінімдерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларды іріктеу Атырау қаласы әкімдігінің ресми сайтында онлайн түрде өтеді.