Хабиб Нурмагомедов өзінің Eagle FC промоушенінің турнирі өткен Атырауға ұшып келді.
Нурмагомедов әрқашан Қазақстан туралы өте жылы сөйлеп, бұл жолы Атырау қаласы туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz Tofight.ru сайтына сілтеме жасап.
«Атырауға бесінші рет ұшып келдім. Турнирді қайтадан өткізіп жатырмыз. Әкем Атырауға талай рет келген, ал бұл жақтағы жігіттер Дағыстандағы оқу-жаттығу жиынымызға келіп тұрады. Дағыстан мен Атырау арасында өзіндік көпір бар», - деді Хабиб Нурмагомедов.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өз кезегінде Хабибтің бұл сөздеріне және онымен бірге жарияланған видеоға лайк басып, жауап берді.
Қадыровтың да Қазақстан халқына деген құрметі мен жылы лебізін айта кеткен жөн. Өйткені оның әкесі Ахмат-Хаджи Қадыров және көптеген туыстары қазақ жерінде туып, біраз уақыт өмір сүрген.