Кеңөзекте жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүріп жатыр

Кеңөзекте жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ATPress.kz.
Кеңөзек ауылдық округінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Оның жалпы ұзындығы 21,9 шақырымды құрайды. Бас-аяғы 16 көшеге жол салу қарқын алып, қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Шілде айының басында бастау алған тиісті жұмыстарды «Жайық Сити» мердігер мекемесі атқарып отыр.
Кеңөзек ауылдық округінің әкімі Ернар Өтешқалиевтің айтуынша, қазіргі таңда аталған округтің 34 көшесінде жаяу жүргіншілер жолы бар.