Қазақстанның бірнеше өңірінде су тасқыны болуы мүмкін екені ескертілді

12 мен 14 наурыз аралығында Жамбыл, Жетісу Алматы облысы және Алматы қаласы маңындағы таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болатындығы болжалуына байланысты сай-сайда су сарқырап, өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2023 жылдың 12 мен 14 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында да аралас жауын-шашын болуы болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қар қарқынды еріп, сай-сайдың суға толуы, мұз бетінің жұқаруы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі", деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.