Қазақстанда балық аулауға бір жылға шектеу енгізіледі

Шектеу мерзімі 2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 1 шілдеге дейін белгіленген деп хабарлайды AtyrauPress Informburo.kz сайтына сілтеме жасап. 


ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ашық НҚА порталында "2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін бекіту туралы" бұйрық жобасын жария талқыға ұсынды.

Онда аталған мерзімде Қазақстанның су айдындарынан аулауға болатын балық мөлшері белгіленген. Тізіммен осы жерден танысуға болады.

Онда «Ақ-Жайық» ерекше қорғалатын табиғи аумағының буферлік аймағын қоса алғанда, Жайық өзені сағалық кеңістігімен Атырау облысы және Батыс Қазақстан облысы шегінде Жайық-Каспий бассейніндегі шектеулер көрсетілген. 

Атап айтқанда, бекіре тұқымдастарын: қортпа, орыс бекіресі, пілмай, шоқыр, сүйрік; 

Ірі балықтардан: көксерке, ақмарқа, сазан, жайын, шортан, күтім, берш, дөңмаңдай;

Ұсақ балықтардан: қаракөз, табан, алабұға, мөңке, оңғақ, красноперка, қызылқанат, балапан, қылышбалық, рыбец, айнакөз;

Шабақтардан: кәдімгі шабақ, анчоус тәрізділер; 

 Майшабақтар: Каспий қарынсауы, бадырақкөз қарынсауы, жұмырбасты қарынсау, кефаль, шаяндарды аулауға шектеу қойылған. 

"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары (балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіліп берілген) бойынша балық аулау лимиттері балық шаруашылығы субъектілері ұсынған мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындылары бар биологиялық негіздемелер негізінде белгіленген" деп жазылған құжаттың түсіндірме жазбасында.

Бұйрық жобасын талқылауға 23 мамырға дейін қатысуға болады.

 

Мира НҰРТАЕВА

Фото ашық дереккөздерден алынды