31 Шілде, 2023 48

Каспий теңізінде толқындардың биіктігі 2,8 метрге жетті


Ұлттық гидрометеорология қызметінің мәліметінше, 31 шілдеде найзағай жарқылдап, кей кезде нөсер жауып өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азертадж агенттігіне сілтеме жасап.

Жауын-шашын мөлшері Халтанда - 14, Лерикте - 9, Бардада - 8, Гахта, Астарда - 7, Тертерде, Шахдагта - 6, Исмаиллада, Балакенде, Загаталда, Евлахта, Губада, Габалда, Лянкяранда, Гейчайде, Ярдымлыда, Нефтчалда, Товузда, Гянджада, Грызде, Кюрдамирде, Сабирабадта, Джафарханда, Билясуварда, Шамкирде, Дашкесанда, Гядабейде, Гусарда, Мингячевирде, Шабранда - 5 миллиметр, ал Баку мен Абшерон түбегінде – 1 миллиметрге дейін көтерілген.

30 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні Гянджада - секундына 24 метрге дейін, Нахчыванда - 18 метрге дейін, Баку мен Абшерон түбегінде - 18 метрге дейін жеткен.

«Мұнайлы Тастар» стансасының мәліметінше, Каспи теңізінде толқын биіктігі 2,8 метрге жеткен.

Тегтер: # теңіз толқыны