15 Маусым, 2023 2486

Қызылқоғада сиырға қатысты шу шықты


Мал иесіне келтірілген залалды өндіру туралы дау медиация тәртібімен аяқталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы М.-ның жауапкер А.-ден бір сиыр малының құны 400 000 теңге өтеп беруді сұрады. Ол өткен жылдың көктем айында бес сиырын азамат А.-ға бағымға қосқан. Алайда, жауапкер қараша айында бір сиырының өліп қалғанын хабарлаған.

Аудандық соттан білгеніміздей, азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге келісіпті. Енді бекітілген келісімшарт бойынша жауапкер кестеге сәйкес талап қоюшының пайдасына ай сайын қарыздың бір бөлігін төлеуге міндеттелді. Осылайша, талап қоюшы өз арызынан бас тартты. Сәйкесінше, азаматтық іс тоқтатылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: egemen.kz