Қызылқоға тұрғындарына судан қауіп бар ма?

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, Жайық өзенінен мол су келуі болжанып отыр. Қазірден бастап жергілікті атқарушы органдармен дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Осыған орай, 1153 адам, 303 техника,  16 жүзу құралы мен 107 мотопомпа дайындыққа келтірілді. Облыс аумағында орналасқан 191 қабылдау пунктінің жағдайы тексеріліп, эвакуациялау маршруттары мен автокөліктер дайындығы пысықталды. 

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз айының 19 мен 26 аралығында ауа-райының күрт жылынуына байланысты, Миялы ауылы ішіндегі ойлы жерде орналасқан А.Жангелдин, К.Қуанышов,  Д.Жұмалиев, А.Құттыбаев, Т.Аубакиров, А.Сәлімгерева көшелерінің бойындағы тұрғын үйлерге қардың еріген су кіру қаупі орын алған болатын. Аталған жерде, Қызылқоға ауданының №10 ӨСБ-нің қызметкерлерімен 2 дана мотопомпа, 1 дана жергілікті атқарушы органның тіркемелі өрт сорғы станциясы арқылы (пнс)  18 374 куб су сорылды.

Сонымен қатар 22 наурыз күні Сағыз-Миялы-Индер тас жолының 35,46 шақырым жерлерінде ерген қар суының тас жолыдың бетіне шығып кеткені бойынша хабарлама түскен болатын. Аталған хабарламаға Қызылқоға ауданының №12 ӨСБ қызметкерлері және Жергілікті атқарушы органның қызметкерлерімен тас жол бетіне шығып кептетілген мұздар автокөліктердің жүруіне кедергі келтіруіне байланысты, мұздарды алып тастау жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта, Ақтөбе облысы Ойыл және Байғанин аудандарының Төтенше жағдайлар бөлімдерімен және Жергілікті атқарушы органдармен күнделікті су тасқыны жағдайы бойынша ақпарат алмасудамыз. 2023 жылғы көктемгі тасқын су кезінде, Миялы ауылы, Ойыл өзенінің бойындағы «Құмөткел» аумағын су жырып, Миялы ауылын тасқын сумен басып қалу қауіпі туындыған болатын.  2024 жылы ақпан айында 1 бірлік экскаватор, 2 бірлік погрузчик, 2 дана Камаз  арнайы техникасының көмегімен жырылған жерді топырақпен бітеу жұмыстары жүргізілді.

Миялы ауылының айналма жолдың аржағынан ұзындығы 2,7 км бөгеттерге және Бәйсеу ш.а. маңынан ұзындығы 1,5 км бөгеттерге тасымал арқылы топырақ төгіп, биіктету жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылдың 1-4 наурыз аралығында 1 000 куб.м. саз аталған бөгеттердің маңына жиналып, биіктету жұмыстары жүргізілді.
2024 жылдың 16-17 наурыз аралығында, Бәйсеу ш.а. маңына 600 куб.м. саз аталған бөгеттердің маңына жиналып, биіктетілді. Аталған жұмыстарға 4 мекемеден арнайы техникалар жұмылдырылды.