Қызылқоға ауданының ауылдарына жаңбыр мен еріген қар суы қауіп төндіріп тұрған жоқ

Жауын-шашын мен қардың еруі салдарынан Мұқыр, Кеңбай, Сағыз ауылдарын су басу қаупі туындады. Бұл ретте құзырлы мекемелер қауіпті алдын алу мақсатында жұмысқа кіріскен, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Қызылқоға ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«8 ақпан күні сағат 19:47 шамасында  күннің күрт  жылынуы  салдарынан Мұқыр ауылының 6-шы ауылындағы еріген қар суы сайға толды. Оның бойына 6 су өткізгіш  құбыры салынған. Алайда, қатты қарқынмен жүріп жатқан су құбырлардан өтіп үлгере алмай, жол үстімен ағуда. Қазіргі таңда, үйлер  мен қора-жайларды судан аман сақтап қалу мақсатында, Мұқыр ауылдық округі әкімі аппараты іске кірісіп, 2 погрузчик, 1 Гидромек трактор,  1 КАМАЗ, 15 адам жұмылдырылды. Дәл қазіргі уақытта  үйлерге су кіру қаупі  жоқ», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сағыз ауылдық округіне қарасты Кенбай елді мекеніндегі 2 тұрғын үйге сайдан аққан лай суы қауіп төндірді. Оған  «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасынан 1 арнайы техника  жіберіліп, таңғы сағат  04:30-да аталған тұрғын үйлердің айналасына бөгет салынып, қауіп сейілді.  

 Ал бүгін Ноғайты өзені еріген қар суынан көтеріле  бастады. Өзен  арнасының тереңдегі шамамен 3,0 метр, су деңгейі өзен арнасының табанынан 1,0 метрде ағып жатыр.

Сонымен қатар, Сағыз ауылында су кіру қаупі бар  үйлердің айналасына бөгет салынып, суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған  1 погрузчик, 1 гидромик, 2 Камаз ваккум, 60 адам жұмылдырылды.

Мұқыр ауылдық округіне қарасты Жантерек елді мекеніндегі мектептің шарбағының ішімен еріген қар суы жүріп жатыр. Әзірге мектепке қауіп жоқ. Сабақ қашықтан өткізілуде.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Миялы ауылдық округі №10 өрт сөндіру бөлімінен 15 қызметкер, 2 мотопомпа, ЖАО 2 мотопомпа, 4 вакуум; Сағыз ауылдық округінен №12 өрт сөндіру бөлімінен 1 мотопомпа 7 жеке құрам,  ЖАО 1 вакуум 1 мотопомпа 8 адам, 1 погрузчик жұмыс жасауда.

Миялы ауылындағы  көшелерде қар шығару және су сору жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда,  2 погрузчик, 1 гидромик, 2 ваккум, 2 автогрейдер, 3 камаз (самаосовал), 20 адам  жұмылдырылып,  5 мотопомпа қойылды. Қосымша 7 мотопомпа дайын тұр.

Мира Нұртаева