Қызылқоға ауданында бүтін отбасы немере-шөбересімен келіп, дауыс берді

Қызылқоға ауданында өтіп жатқан республикалық референдумға тұрғындар белсенді қатысуда. Аудан тұрғындары дауыс беру учаскелеріне отбасы мүшелерімен бірге келіп, өз таңдауларын жасауда, деп хабарлайды AtyrauPress.
Солардың бірі – Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Жауқаш Тұрдағалиев. Ол референдум учаскесіне жұбайы Бағытжамал, бала-келіні Жәнібек пен Ләззат, сондай-ақ немере-шөберелерімен бірге келіп, дауыс берді.

Аға буын өкілінің бұл қадамы жас ұрпаққа үлгі болып, азаматтық жауапкершіліктің маңызын көрсетті.

— Еліміздің игілігі үшін, халқымыздың әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін референдумға келіп, дауыс бердік, — деді Жауқаш Тұрдағалиев.