Қызылқоға ауданына тазалық жұмыстары үшін арнайы техникалар алынды

Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов ауданның тазалығын қамтамасыз етіп отырған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне  келген 11 дана арнайы техниканың алғашқы легінің кілтін табыс етті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің тікелей қолдауымен аудандағы барлық елді-мекендерді абаттандыру-көгалдандыру, санитарлық жай-күйін қамтамасыз ету мақсатында келген арнайы 1 вакуум көлігі, 1 шағын жүк тиегіш (фронтальный мини погрузчик), 15 тонналық өзі жүк түсіретін (самосвал) 3 Камаз көлігі, Liugong  маркалы үш тонналық 1 тиегіш көлігі (погрузчик), Liugong  маркалы бес тонналық 2 тиегіш көлігі (погрузчик), 18 кубтық қоқыс таситын 2 Камаз көлігі, 1 автогрейдер қажеттілікті қамтамасыз ету жолында үздіксіз жұмыстар жасауға жұмылдырылмақ.  

Айта кетейік, қараша айының соңында арнайы көліктер қатары тағы да 7 автокөлікпен толықтырылмақ. Олардың ішінде 1 қоқыс тасымалдағыш (мусровоз) Камаз, 2 МТЗ тракторы, 2 гидрометр трактор, 1 вакум, 1 гидромек трактор, 1 өзі жүк түсіретін (самосвал) Камаз автокөлігі бар.