Көшеде мысықпен құшақтасып тұрған атыраулық балақай жұртты сүйсінтті (Видео)

Мұнайлы өлке тұрғындарын көше кезіп жүрген мысықты жас баланың құшақтап, мейірлене құшақтап тұрған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Екеуінің арасындағы ерекше сәтті Атырау қаласының жүргізушісі видеоға түсіріп алған. Онда мектеп оқушысы төрт аяқты жануарды сипалап, еркелетіп жатыр. Мысық та қалыс қалар емес. Артқы екі аяғымен тұрған ол мейірімін төккен балаға қарай ентелеп, құшақтағысы келгендей. Мұны көрген балақай шыдай алмай, мысықты көтеріп алады.

Осы видеоның астына атыраулықтар көптеген жылы жазбалар қалдырған:

 «Сәби секілді көтер деп тұр», «Мысық өз қожайынын таңдады», «Баланың жүрегі кең және тәрбиесі жақсы екен! Оған және ата-анасына алғыс!», «Мейірімді бала нағыз ер азамат болып өседі».

Эльмира Мықтыбаева

Фото: Видеодан скрин жасалды