Құрманғазылық бүлдіршін көпшілікті сүйсінтті!

Құрманғазылық Айару Есенғұл Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

1-сынып оқушысы ел чемпионатында дойбыдан бірден үш медаль иеленді.

«Ол классикадан бірінші, рапид және блицтан үшінші орын алды. Айару енді алдағы 12 сәуірде Өзбекстанда өтетін Азия чемпионатында туған бауыры Амирамен  ел  намысын қорғайды» дейді облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова

Айта кету керек, Айарудың  9 жасар апасы Амира Есенғұл дойбыдан Қазақстанның  екі дүркін чемпионы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер.

Кішкентай чемпиондар дойбы ойнауды аталарынан  үйренген.

«Отбасымызда дойбыны кәсіби ойнайтын спорт шебері жоқ. Қыздарымыз ынта-жігерлерінің және жаттықтырушылары Бекжан Қабиевтің тынымсыз еңбегінің  арқасында осындай жоғары жетістікке жетіп отыр» дейді әкелері  Ернар Қаражанов.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ