Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобы хабарлайды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
12 ақпанда сағат 00:10-да Құрманғазы ауылынан шамамен 65 шақырым қашықтықта "Нива" көлігінің батпаққа батып қалғаны туралы шақырту түсті. Құтқарушылар авариялық құтқару жұмыстарын жүргізіп, көліктегі үш адамды (оның ішінде біреуі – бала) жақын жердегі «Бүркіт» шаруа қожалығына эвакуациялады.
Зардап шеккендер жоқ. Құтқарылған адамдар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарын Құрманғазы ауданы №7 ӨСБ-нің төрт қызметкері мен бір техникасы жүргізді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ