Атырауға Президент кеңесшісі келді

Бүгін ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуымен актив отырысы өтті.  Жиында ҚР Президентінің IV Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын орындау мәселесі қаралды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Мәлік Отарбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» қағидатын басшылыққа ала отырып, жаңа экономикалық саясат, заң мен тәртіпті сақтау, идеологиялық жұмыстарды нығайту, қоғамдық мәдениетті көтеру, ынтымақ пен бірлікті арттыру мәселелерін ортаға салды. 

Серік Шәпкенов  «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» жобасын іске асыру аясында облыста мұнай-газ химия саласында жалпы құны 6,7 трлн.тг 10 зәкірлі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланғанын айтты. Оның аясында 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылмақ.

- Мұнай-газ химия саласында жүзеге асырылатын зәкірлік жобалар өңір экономикасының әртараптануына және импортты алмастыруға ықпал етпек.  Биыл қаңтар-сәуір айларында облыс экономикасына 380,9 млрд. теңге инвестиция тартылды, оның 78%-ы  — бюджеттен тыс қаражат. 2025 жылға инвестициялар тарту жоспары  — 1,6 трлн. теңге. Сондай-ақ алдағы төрт жылда әрқайсысы 100 млн.теңгеден жоғары жалпы құны 6,8 млрд. теңгені құрайтын ТОП - 100 іске асырылатын инвестициялық жобалар тізімі жасалды. Бұдан бөлек, 2026-2029 жылға қарай Атырау облысында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторлармен 7 меморандумға қол қойылып, шамамен 1,9 трлн. тг болатын 8 инвестициялық жобаны іске асыру пысықталуда,-деді С.Шәпкенов.

Жиын соңында қатысушылар Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді бірлесе отырып сапалы орындаудың маңызына  тоқталды.