Қоғамдық орындағы көлікті қасақана бүлдірген атыраулық анықталды

Бөтен мүлікті қасақана бүлдіргені үшін әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлім етті. Сотта анықталғандай, Д. қоғамдық орында Г.-ға тиесілі көлік құралының бөлшектерін қасақана бүлдіріп, көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмерін қоқыс жәшігіне лақтырған. 

Сот отырысында Д. кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып көрсетті.

Сот қаулысымен Д. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 48 300 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ