Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың хабарлауынша, Құлсары қаласында қайтадан жұмысына кірісті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Олардың қатарында 100 азық-түлік дүкені, 2 ірі супермаркет, 3 ірі көтерме сауда базары бар. Оған қоса аудан орталығындағы 20 шақты дәріхана да жұмысын бастаған.
«Қаладағы қоғамдық тамақтану орындары да қалыпты жұмысқа кірісті. Тәулік бойы жұмыс істейтіндері де бар. Сауда орындарының иелерімен келісіп, бағаны негізсіз қымбатсытпауды қадағалап отырмыз», - деді Гүлнафис Аязберікқызы.