11 Қыркүйек, 2023 232

Құлсарыда кәріз суын төккендер анықталды


Атырау облысы бойынша экология департаменті және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Атырау облысы бойынша департаменті бірлесіп тексеру нәтижесімен Атырау облысы Жылыой ауданы аумағында «Жылыой су» МКК-мен экологиялық рұқсатсыз Құлсары қаласының шеткі аймағына тазартылмаған сарқынды сулардың төгілгенін анықтады.

Бұл, өз кезегінде, қала аумағынан 12 шақырым қашықтыққа үлкен сасық көлдің пайда болуына әкеп соқтырды және оның себебін «Жылыой су» МКК Құлсары қаласында су тазарту құрылыстарының болмауымен түсіндірді.

Тексеру қорытындысымен анықталған заң бұзушылықтарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 331 және 328-баптарымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, Жылыой аудандық сотына қарауға жолданды.

Қарау нәтижесімен Соттың 08.08.2023 жылғы қаулысымен «Жылыой су» МКК ӘҚБтК-нің 331-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 380 000 теңге көлемінде және 01.09.2023 жылғы қаулысымен ӘҚБтК-нің 328-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 272 871 283 теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынды.