Құлсарыда ер азамат жоғалып кетті...

Құлсарылық тұрғынның жоғалып кеткеніне бір аптаға жақын уақыт өткен, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мұны облыстық төтенше жағдайлар департаменті растады. Жылыой ауданының 33 жастағы тұрғыны 23 мамырда үйінен шыққан күйі оралмаған. Ата-анасының айтуынша, ол балық ауламақшы болып Шоқпартоға ауылына қарай бет алған. Содан кері келмеген. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ