Құлсары қаласының алты ықшамауданының 30 ауласын абаттандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аталған жоба аясында №1, №2, №3, №4, №5 ықшам аудандар және Ұ.Абдрахманов (Новостройка) көшесінде орналасқан отыз үйдің ауласы абаттандырылады.
Сонымен қатар, ойын алаңы, жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолы салынып, асфальт төселу жоспарлануда. Қазіргі таңда бөлшектеу және геодезия жұмыстары жүргізілуде.
Жобалаушы мекеме - «Вибо-строй» ЖШС болса, мердігер мекеме - «Өмірзақ» ЖШС.
Абаттандыру жұмыстары осы жылдың күз айларына дейін аяқталады.