Құлсары қаласында қоғамдық көлік қозғалысы қалыпқа келе бастады

 Бұл туралы  "Батыс Тех Инвест" ЖШС басшысы Әуез Әбіләкім мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

- Бүгінде қала ішінде 4 бағытта 14 автобус қатынауда. Қосшағыл, Жаңа Қаратон, Майкөмген, Жем ауылдық округтеріне автобустар қалыпты жұмысына кірісті. Төтенше жағдай орын алғанға дейін Құлсары қаласы ішінде, ауылдық округтерді қоспағанда 12 бағытта 55 автобус қатынайтын. 
Қала көшелері судан тазартылып, көліктерге жүру толықтай қолайлы болған жағдайда қатынау бағыттары мен автобустар санын артатын болады, - деді Әуез Әбіләкім.