"Көктем - 2024": Шекара қызметі жігіттерді әскери қызметке шақырады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті өңірдегі 18-27 жас аралығындағы азаматтарды жұмысқа шақырады, деп хабарлайды AtyrauPress  тілшісі. 

Биыл 1-20 наурыз аралығында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарында "Көктем - 2024" мерзімді қызмет шақырылымына 18-27 жас аралығындағы азаматтарды әскерге жинақтау науқаны жүзеге асады. 

Әскерге барғысы келетін азаматтардың денсаулығы әскери қызметке жарамды және кәсіби шеберлігі болуы қажет.

Осы орайда тепсе темір үзетін жігіттер ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің шекаралық бөлімшелерінде қызмет атқаруға шақырылады. Қызмет мерзімі - 1 жыл. 

ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің бөлімдері мен бөлімшелері Исатай, Құрманғазы аудандарында және Дамба елдімекендерінде орналасқан.

Қосымша ақпарат бойынша кез келген уақытта көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 8-(7122) 51-56-48; 87789959497; 87788498082; 87782006699; 87760555431. 

Эльмира Мықтыбаева

Фото: Ашық дереккөздерден алынды