Қазақстанда бес балаға 2 миллион теңгенің сертификаты беріледі

20 миллионыншы болып туған бес балаға баспана алуға бастама ретінде 2 миллион теңгенің сертификаты беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 "20 миллионыншы болып туылған бес нәрестеге 2 миллион теңгенің (4,3 мың доллар) сертификаттары беріледі. Бұл баспана алуға бастама ретінде сый болады", - деді "Отбасы" банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова.

Айта кетейік, қазақстандықтардың саны 20 миллионға жетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ақжолтай жаңалықпен құттықтады.

Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды.

Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. 3 ұл және 2 қыз.

Қазақстанның 20 миллионыншы азаматы атанған бес балаға 2 миллион теңгенің сертификаты беріледі. 

 

Фото:freepik.com