Қазақстан журналистері үшін Михаил Дорофеев атындағы премия тағайындалды

Оны Алматыда өтетін 15-ші Медиа Құрылтайда табыстайды.

24 қарашада Алматыда өтетін 15-ші Медиа Құрылтайда журналистерге арналған жаңа премия – Михаил Дорофеев атындағы жыл сайынғы жеке премиясы табыс етіледі, деп хабарлады Қазақстан баспасөз клубының жетекшісі Әсел Қараулова.

«Сыйлық Қазақстандағы БАҚ және коммуникация нарығының дамуына, медиаменеджмент сияқты жаңа бағыттардың қалыптасуына орасан зор үлес қосқан еліміздегі ең құрметті журналистер мен редакторлардың бірін еске алу мақсатында тағайындалды. Бұл барлық сала қызметкерлері үшін кәсіби өсу үшін ынталандыру болады. Өйткені сарапшылық кеңестері жоғары стратегиялық деңгейде пайдаланылған Михаил Дорофеев БАҚ және коммуникация саласының барлық өкілдері арасында беделге ие болды», - деді Қараулова.

Клуб пен тәуелсіз медиа қауымдастығы белгілеген сыйлықты бизнес ұйымдары қаржыландырады. Жылына бір рет аталған шарада салаға қосқан үлесі және жоғары кәсібилігі үшін марапатталады.

Сыйлық БАҚ журналистеріне, бас редакторларға және тәуелсіз медиа жобалардың, соның ішінде Telegram арналарының авторларына арналған.

Алғаш рет үміткерлерді жетекші журналистер, редакторлар мен сала мамандары кіретін қазылар алқасының мүшелері ұсынады. Қазылар алқасының құрамы жыл сайын өзгеруі мүмкін. Келесі жылдан бастап басылымдардың өздері үміткерлерді ұсына алады.

БАҚ саласындағы Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Михаил Дорофеев 25 жылдан астам өмірін журналистикаға арнады. Ол Informburo.kz порталын 2015 жылы құрылғаннан бері басқарып келді. Осы жылдар ішінде республикалық телеарналарда танымал бағдарламаларды жүргізді, «Верный Капитал» компаниялар тобының баспасөз хатшысы, «ҚазМұнайГаз»-дың қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

Михаил Дорофеев 2021 жылы 30 қаңтарда жүрек талмасынан қайтыс болды.