Нұрсая ықшам ауданындағы «Elorda residence» тұрғын үй кешенінен 120 үлескер баспана алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.
- 2021 жылы берілген кепілдікке сәйкес жақында үлескерлерге пәтердің кілтін табыстадық. 120 үлескер тараптардың арасындағы келісімшарт аясында баспаналарының уақытылы, ешқандай мәселесіз қол жеткізді. Барлық азаматқа үй сатып алмас бұрын оның заңды екеніне көз жеткізіңіздер деп айтқымыз келеді. Біздің мақсатымыз - ел азаматтарын қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету, - деді «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алтай Куздибаев.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ көктемдегі су тасқыны жағдайына қарамастан, аталған нысандағы барлық құрылыс-монтаж жұмысын толық аяқтады.
Акционерлік қоғамның құрылыс компаниясымен жасаған келісіміне сәйкес, жаңа тұрғын үй кешенінің 1% үлесін алады.
Сәуле МАҒАУ