Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырауда марафон өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған марафон өтті. Жүгіру жарысына 500-ге жуық тұрғын қатысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, марафон бағыты «Ретропарк» саябағынан басталып, «Атырау» спорт кешенінде аяқталған.

Жарысқа әр түрлі жастағы және ұлт өкілдері қатысты — кәсіби спортшылардан бастап, салауатты өмір салтын ұстанатын әуесқойларға дейін.

Шараның ашылу салтанатына Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықов, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Чилманов, паратаэквондодан екі дүркін әлем чемпионы Нұрлан Домбаев және кикбоксингтен екі дүркін әлем чемпионы Жандос Назарбеков қатысты.

Марафонның басты мақсаты — бірлік, достық пен салауатты өмір салтының маңыздылығын көрсету.