14 Қыркүйек, 2023 642

Қараусыз қалған мал жасыл желекті отап жатыр


Атырау қаласы аумағында үй жануарын қараусыз қалдырған 93 тұлға анықталған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атыраулық полицейлерге келіп түсетін арыз-шағымдардың ішінде тұрғындардың үй жануарларын қараусыз қалдыру деректері де бар. Көп жағдайда төрт-түліктің абаттанған қала көшелері мен жеке тұрғын-жайлардың бау-бақшасын бүлдіруі тұрғындар наразылығын тудыруда. Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері осындай құқық бұзушылыққа жол берген 93 деректі анықтап, үй жануарлары иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес хаттама толтырған. Сондай-ақ, мал иелеріне үнемі түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде.