Қаракөл ауылында екі отбасы баспаналы болды

Астана күнінде Жамбыл селолық округінде екі отбасыға пәтер кілті берілді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты шарада округ әкімі Оспан Аронов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Иғали Ізтұрған қатысып, қуаныш иелерін құттықтады.

- Мемлекеттік бағдарлама аясында қос отбасыға баспана беріп жатырмыз. Тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі өзектілігін жойған емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында өткен жылдан бастап ауданда тұрғын үй алушылар саны артып келеді. Бұл қуантарлық жағдай. Баспана иелеріне шаңырақ шаттығын тілеймін, - деді И.Ізтұрған.

Жаңа қонысқа кіргендердің бірі көп балалы отбасы болса, екіншісі әлеуметтік осал топ санаты бойынша кезек реттілігімен баспаналы болды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ауданда бес санат бойынша 727 адам тұрғын үй кезегінде тұр.