Қалада тәулік бойы қар тазалап, жолдарды өңдеу жұмыстары жүргізілуде

Қалада қолайсыз ауа райына байланысты тәулік бойы қар тазалау және көктайғақтың алдын алу жұмыстары жалғасуда. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызметтердің үлкен күштері жұмылдырылғаны туралы AtyrauPress хабарлайды.

Горакиматтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала аумағында ауа райының нашарлауына байланысты қар тазалау және көктайғақтың алдын алу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Коммуналдық қызметтер негізгі көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарын тазалап, қауіпті учаскелерді инертті материалдармен өңдеуде.

Жұмыстарға 337 жол қызметкері және 30-дан астам арнайы техника жұмылдырылған.

Қала тұрғындары мен жүргізушілерден жолда мұқият болып, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз.