Қала күні мерекесінде атыраулық полицейлер күшейтілген режимде қызмет етеді

Бүгін тәртіп сақшылары қала күніне байланысты көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту мақсатында тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет етеді, деп хабарлайд AtyrauPress. 

Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Абдигани Сейдуалиевтің қатысуымен Атырау қаласының полиция басқармасының алаңында жеке құрамға саптық жиын өткізіліп, жұмыстар пысықталды. 

- Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында біз қызметтің күшейтілген түрінде қызмет атқарып, азаматтарға қауіпсіз, әрі жайлы жағдай жасау үшін барлық шараны қамтамасыз ететін боламыз. Құқық қорғау қызметкерлері және жеке күзет ұйымдарының басшыларымен қоғамдық жерлерде бақылауды күшейту бойынша құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасалуы қажет, - деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Абдигани Сейдуалиев.