Қайтыс болған атыраулық құтқарушы "Айбын" орденімен марапатталды

Атырау облысы ТЖ департаментінде су тасқыны кезінде қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан Бейбарыс Рақымды еске алуға арналған жиын өтті.

Жиынға ҚР ТЖМ аппарат басшысы азаматтық қорғау полковнигі Ерғали Бахаев және департамент қызметкерлері мен марқұмның туыстары қатысты.

Аталған шара 1 минут үнсіздікпен қаза тапқан құтқарушыны еске алумен басталды.

Шара барысында Ерғали Бахаев ҚР ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтың атынан қайғырып көңіл айтып, №1 МӨСБ бөлімше командирі марқұм Бейбарыс Рақымның туыстарына "Қызметтік және азаматтық борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін" Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі "Айбын" орденін табыстады. Қайтыс болған құтқарушы Президент жарлығымен марапатталды.