Иттерді азаптаған атыраулық ақсақал айыппұл арқалады

Еске салсақ, Вокзал маңы ықшамауданында егде жастағы ер адам көше иттерін шегелері бар тақтаймен ұрып азаптаған болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы желіде бейнежазба тарап, көпшілікті дүрліктірген еді. Тұрғындардың айтуынша, ол күн сайын таңғы уақытта адамдар жоғын пайдаланып төртаяқтыларды себепсіз ұрады екен. «Доброе сердце» қоғамдық қорының еріктілері полицияға арыз берді. Енді, міне, ақсақал 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 17 250 теңге айыппұл арқалап отыр.

Айта кетейік, бастапқыда кінәліге қатысты қылмыстық іс қозғалуы керек болған, бірақ бұдан ештеңе шыға қоймапты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ