Исатайда ауданында әйелдер форумы өтті

Исатай ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясаты жөніндегі комиссиясы мен «Аманат» партиясы Исатай аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Әйел - кәсіпкер, әйел -саясаткер, әйел - қайраткер» тақырыбында форум өтті.

 Хамит Ерғалиев ауылындағы мәдениет үйінде өткен басқосуда алдымен отандық өнімдерден жасалған сән үлгілер топтамасы ұсынылды.
Сән үлгілерінің көрсетіліміне Атырау қаласынан Айсұлу Уразбаева, Салтанат Қуанова, Гүлмира Халидоллақызының жеке брендтері таныстырылды.
 
Форумға ауданның бір топ іскер әйелдері, ардагер аналар, шығармашылықпен айналысып жүрген нәзік жандылар қатысты. Іс-шараның ашылуында Атырау  облысы  экономика  және  бюджеттік  жоспарлау  басқармасының басшысы, облыс әкімі жанындағы отбасылық демографиялық саясаты жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Айгүл Әжіғалиева, «Аманат» партиясы Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Арман Азаматов сөз сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тіледі.

Форум барысында арнайы шақырылған қонақтар спикер ретінде сөз сөйлеп, іс-тәжірибелерімен бөлісіп, еліміздегі гендерлік саясаттың жүзеге асуы туралы тоқталды. Сонымен қатар, Атырау қаласынан арнайы шақырылған бизнес тренер кәсіпкер қыз-келіншектерге семинар-тренинг өткізді.

Сондай-ақ іс-шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бір әйелдер қауымы марапатталды.
Басқосу соңы аудан өнерпаздары мен үлгілі «Аққайың» би тобының концерттік бағдарламасымен аяқталды.