Исатай ауданындағы «Қызылүй» каналының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Бұл туралы Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл аудан аумағындағы Бақсай, Нарын, Сборный және Кобяково-Забурын суару-суландыру жүйелерін сумен толықтыру үшін аудандық бюджеттен 153 млн теңге бөлініп, бекітілген кестеге сәйкес каналдар сумен толықтырылған.

 

- Каналдардың жағдайын айтатын болсақ, өткен жылы басталған «Қызылүй» каналының күрделі жөндеу жұмыстары биыл аяқталып, халық игілігіне берілді. Қалған ауданның коммуналдық меншігінде болған Есіркеп, Ақай, Жасқайрат, Мартыши каналдары  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК-ның теңгеріміне берілді,- деді П.Хасанов.  

 

Айта кетейік, биыл аудан бойынша 81 гектар жерге егін егілсе, оның ішінде 10 гектарға көкөніс, 6 гектарға бау-бақша, 65 гектарға мал азықтық дақылдар егілген