Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин орталық алаңда кәсіппен айналысып жатқандарға «Салтанат сарайының» алдындағы аумаққа көшуді ұсынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Оның айтуынша, шаһардың орталық алаңы бүгінде кәдімгі базарға айналып отыр...
«Мұнда қымбат төсемтас төселген. Оны күтіп ұстауға «Арнаулы автобаза» қызметкерлері үлгермей жатыр. Сондықтан мұндай бассыздықты шұғыл тоқтату қажет» деді қала басшысы.
Ал кәсіпкерлер болса, одан Ретросаябақтан орын беруді сұрады. Себебі, «Салтанат сарайынан» да оларды қуып жібере ме деп қауіптенеді. Өйткені, дәл сондай жағдай Ретросаябақта да орын алған екен. Яғни, кезінде балмұздақ сатқандарды полицейлер ол жерден де шығарып жіберген екен.
Айта кетейік, орталық алаңның базарға айналып бара жатқанын AtyrauPress тілшілері бұған дейін де талай жазған болатын. Кейін оны жалға беру үшін тендер жарияланғаны да хабарланды. Әйтсе де, әзірге нәтижесіз...
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ