Исатай ауданындағы екі ауылға газ берілді

Қызылүй және Жасқайрат елді мекенінде газ желісінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды AtyrauPress Исатай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қос ауылдың халқы үшін көгілдір отын мәселесі өзекті болып келді. Әр үйге газ құбыры тартылып, тұрғындар қуанып жатыр.

«Жасқайрат және Қызылүй елді мекендерінде газ желісін тарту жұмыстары 2021 жылдың тамыз айында басталып, 2023 жылдың қараша айында аяқталып отыр. Осы жоба аясында Қызылүй ауылына – 45 шақырым жоғары қысымды газ желісі 3,6 шақырым ауылішілік газ желісі жүргізілді. 2 дана ГРПШ - (Газ реттегіш қондырғы) орнатылды. Жасқайрат ауылына – 42 шақырым жоғары қысымды газ желісі тартылып, 11,2 шақырым ауылішілік газ желісі жүргізілді, 1 дана ГРПШ орнатылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, құрылыс мердігері – «Байсын-А» ЖШС, ал жобалаушы –«Алстройпроект» ЖШС.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА