Исатай ауданында көліктері құмға батқан адамдар құтқарылды

Ауданда құмнан келе жатып батып қалған 3 көліктің жолаушылары құтқарылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Түнгі мезгілде 3 Уаз автокөлігі жиекте батып қалып аудандық төтенше жағдайлар бөліміне шақырту түсті.
 
Авариялық құтқару – жұмыстарын жүргізуге дереу шығып, құтқарушылардың үйлесімді іс-әрекетінің нәтижесінде батпаққа батып қалған 3 автокөліктегі 15 адамды (оның ішінде 8 бала) Тұщықұдық ауылына эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ.
 
Көліктегі адамдар медициналық көмекті қажет етпеді.
 
Авариялық – құтқару жұмыстарына “ЖайықМұнайГаз”-ден Урал жүк көлігі және жергілікті атқарушы органнан трактор, аудандық №6 ӨСБ-нің 4 қыметкері жұмылдырылды