“Өңірлік коммуникациялар қызметі” КММ басшысы тағайындалды

Атырау облысы әкімі аппараты басшының бұйрығымен Атырау облысы әкімі аппаратының “Өңірлік коммуникациялар қызметі” КММ басшысы лауазымына Асхад Апуов тағайындалды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Асхад Апуов Атырау аграрлы-техникалық колледжін және Атырау мұнай және газ институтын тәмамдаған. Жоғары білімді.
Еңбек жолын 2012 жылы бастап, «Рауан» жастар қоры қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Жас Отан»
Жастар қанаты қалалық филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарған.
Кейін облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық-талдамалық жұмыс бөлімінің бас маманы, Қызылқоға ауданы әкімі аппараты бөлімінің басшысы, Қызылқоға ауданы әкімінің кеңесшісі, «AMANAT» партиясы бөлімінің маманы, «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының кеңесшісі болған.
2024 жылдың сәуірінен бүгінге дейін – «Атырау-Ақпарат» ЖШС ақпараттық-сараптамалық бюро
басшысы қызметін атқарған.