Інісін әскерден күтіп алған атыраулық азамат айыппұл арқалады

Атырау қаласында Бейбарыс даңғылының бойымен жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған “Lada Granta” маркалы автокөлігінің 2003 ж.т., жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаменінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
 Хабарламада мемлекеттік белгісі жоқ күйде көлік құралының қозғалысы кезінде жолдың жүріс бөлігінде маневр жасап, жаяу жүргіншілер жолымен жүріп, алдыңғы бүйір терезесін қараңғылатылған пленка жабыстырған күйде, сондай-ақ  үздіксіз қос ақ жолақты кесіп, жолдың қарама- қарсы бөлігіне шыққан.
 Ол өзінің іс-әрекетін інісін әскерден күтіп алған кезде жасағандығын айтып, өз кінәсін мойындаған.
19 жастағы азаматқа әкімшілік хаттама жасақталып, 131 709 теңге көлемінде айыппұл салыныпы.
«Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 3 бөлімімен әкімшілік хаттам жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды. Енді ол сот шешімімен алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін» делінген баспасөз хабарламасында.