Индерге жаңа әкім тағайындалды ма?

21 шілдеде Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аудандық әкімдіктен білгеніміздей, ауыл тұрғындарының дауыс беру нәтижесінде Мерғалиева Шырай Төлеуғалиқызы Бөдене ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Мерғалиева Шырай Төлеуғалиқызы 1976 жылы 10 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала поселкесінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, 1998 жылы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтын «Кітапхана тану және библиография» мамандығын, 2019 жылы - Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратында салық агенті болып бастаған. 2004 жылдың сәуір айынан күні бүгінге дейін Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарып келеді. Отбасылы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ