Индербор кентіндегі пәтер өртіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 31 жастағы күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.
Еске сала кетейік, бүгін, 25 сәуірде сағат 05:37-де Индербор кенті Махамбет көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірі отқа оранған еді. Өкінішке қарай, екі бала көз жұмып, екі ересек адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com