Индерде жылына 5,7 млн шаршы метр гипсокартон өндіріледі
Ауданда отандық өнім өндіретін бірқатар кәсіпорын жұмыс жасайды. Солардың бірі – 20 жылдан бері гипсокартон өнімдерін шығарумен айналысып келе жатқан «ИСИ Гипс Индер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, кәсіпорын 2004 жылдың 15 наурызында іске қосылған. Серіктестік құрылтайшылары «КНАУФ Интернациональ Гмб/х» компаниясы мен «ДЕГ – Дойче Инвестиционс – унд Энтвинглунсгезельшафт» фирмасы болып табылады. Бүгінде кәсіпорын 103 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Жылдық өндіріс қуаты – 5,7 млн м2. Өнімдер еліміздің барлық өңіріне жеткізіледі. Зауыт неміс фирмасының «HESS» және «BABCOK» гипсокартон шығару жабдықтарымен жұмыс жасайды. Шығарылатын гипсокартонның көлеміне келсек, ені – 600х1200, ұзындығы – 2500х6000 мм. Ал, қалыңдығы – 6х25 мм.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com