Индерде тұз өндірісіне тың серпін берілмек
Индерде йодталған тұз өндірісі қайта іске қосылмақ, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Индер ауданында техникалық және ас тұзын өндірумен айналыстын «InderTuzCompany» ЖШС бар екенін біреу білсе, біреу біле бермес. Аудан әкімінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, аталған кәсіпорын техникалық тұзды өндіру, йодталған жоғары сұрыптағы ас тұзын өңдеп шығару және сатумен айналысады екен. Құрылтайшысы - «InderTuzCompany» ЖШС.
Зауыт 8 маусым 2018 жылдың маусымында толық қайта құрылып, жабдықтар жаңартылған. Кәсіпорынның өндіріс қуатына келсек, толық қуатта жұмыс істеген жағдайда жылына 200 мың тонна техникалық тұз өндіріп, 100 мың тонна йодталған жоғары сұрыпты ас тұзын өңдеп шығаруға қабілетті.
Биыл кәсіпорын қосымша жабдықты жаңғырту мен монтаждау жұмыстарын аяқтап, йодталған ас тұз өндірісін қайта іске қосуды жоспарлап отыр. Өнім Қазақстан қалаларына және Рессей Федерациясына экспорталады.
Айта кетейік, бүгінде аталған зауыт 62 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ