Индерде жаңа білім нысандары бой көтермек

Бұл туралы Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов «Индер ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы» туралы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Есбол ауылында апатты жағдайдағы 320 орындық 1 мектептің және «Болашақ» мөлтек ауданындағы 300 орындық мектеп гимназиясы мен 200 орындық интернаттың құрылысы жүргізіліп жатыр.



- Сапалы оқытуға қолайлы жағдай жасау үшін 30 млн 155 мың теңгеге 15 мектептің ішкі және сыртқы алаңы жарықтандырылды. Сонымен қатар, Қ.Есқалиев атындағы орта мектепке балалар тасымалдану үшін 10 млн 669 мың теңгеге автокөлік алынбақ, - деді Д.Шамұратов.