Индерде апаттық жағдай орын алды... (+ВИДЕО)

Кеше, 18 қаңтар күні Индербор кенті Барлаушы, Шығыс, Болашақ мөлтекаудандарын газбен қамтитын жерасты негізгі магистралды газ құбырында апаттық жағдай орын алған болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Соған байланысты аталған мөлтекаудандардың шеткі жаңа көшелеріне газ беру тоқтатылған еді. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, авариялық бригада газ кету фактісі бойынша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қазір тиісті сала мамандарымен жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрғындарға газ берілді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Нет описания фото.