Индерде 22 кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді (+ФОТО)

Бұл туралы Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Жыл басынан аудан бойынша әртүрлі кәсіпкерлік бағытта 22 нысан халық игілігіне пайдалануға берілсе, солардан 29 жаңа жұмыс орны ашылды. Олар 3 кафе, 9 дүкен, 2 шағын маркет, 2 сауда орталығы, 3 көлік жөндеу және жуу орталығы, 1 брусчатка шығару цехы, 2 көкөніс дүңгіршегі. Бүгінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы 61 жоба 419 млн 600 мың теңге көлемінде грант және несиемен қаржыландырылды,- деді Д.Шамұратов.